Ясир Арафаттың өлімінің себебі таяу арада белгілі болады - Палестинаның РФ-ғы елшісі

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Сарапшылар Ясир Арафаттың өлімінің себебін зерттеуді жақын арада аяқтайды,

Ясир Арафаттың өлімінің себебі таяу арада белгілі болады - Палестинаның РФ-ғы елшісі

оның нәтижесі көпшілікке жария етіледі. Бұл туралы Мәскеуде өткен баспасөз конференциясында Палестинаның Ресей Федерациясындағы елшісі Фаед Мұстафа мәлімдеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Жақын арада жұмыс аяқталады деп күтеміз, - деді елші. - Халықаралық сарапшылар нәтижені тиісті палестиналық комитеттерге береді деп жоспарлануда. Содан кейін шешім жария етіледі, уәде орындалады деген ойдамын.

«Егер Арафат полониймен уланды деген болжам расталса, онда бұл істің маңызы арта түспек. Себебі ол әлемдік деңгейдегі тұлға», - деп атап өтті елші.