Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина еркін бағдарламада күміс жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында көркем жүзуден Ұлттық құрама еркін бағдарламада күміс жүлде жеңіп алды.

күміс
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі атап өткендей, Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина (15-19 жас тобы) 340.1650 балл жинап, Сарықұрлық додасында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Көркем жүзу. Жұп. Еркін бағдарлама:

Зиёдахон Тошхуджаева/Анна Ващенко (Өзбекстан) – 347.4859

Ясмин Тұяқова/Арина Пушкина (Қазақстан) – 340.1650

Вонг Винг Ка/Ву КуЛок (Гонконг) – 290.4529.

Айта кетейік, кеше көркем жүзуден Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, аталған Сарықұрлық додасына 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.

26 ақпан күні басталған Азия чемпионаты 9 наурыз күні мәресіне жетеді.