Ясмина Исламова әртістік жүзуден Азия чемпионатының қола жүлдесін алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Ясмина Исламова Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жас ерекшеліктері бойынша Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ясмина Исламова әртістік жүзуден әйелдер арасындағы еркін бағдарламадағы жеке сайыста (соло) үшінші орын алып, Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Бұған дейін Виктор Друзин әртістік жүзуден Азия чемпионы болғанын жазғанбыз.
Бірер күн бұрын спортшы көркем жүзуден Азия чемпионы атанған еді.