«Ясная Поляна» сыйлығының лауреаттары аталды

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - 2009 жылғы «Ясная Поляна» әдеби сыйлығының екі лауреаты қазанның 5-інде белгілі болды,

«Ясная Поляна» сыйлығының лауреаттары аталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі классика» аталымында наградаға «Бөліну» деп аталатын кітаптар топтамасының авторы Владимир Личутин ие болды. «XXI ғасыр. Қазіргі прозаның шынайы шығармалары» аталымы бойынша «Арал» романы аталды. Личутин - 500 мың рубль, ал Голованов 250 мың рубль сыйақы алады.

«Қазіргі классика» аталымындағы лауреатты қазылар конкурстан тыс таңдап алады. «XXI ғасыр. Қазіргі прозаның шынайы шығармалары» аталымы бойынша үш автор: Головановтан басқа «Үй» романымен Игорь Малышев және «Елтышевтар» кітабымен Роман Сенчин финалға шыққан болатын.

«Ясная Поляна» сыйлығының қазылар құрамына Лев Аннинский, Игорь Золотусский, Валентин Курбатов, Владислав Отрошенко, Павел Басинский енеді. Қазыларды «Ясная Поляна» мұражай-қорығының директоры Владимир Толстой басқарады.

«Ясная Поляна» сыйлығы 2003 жылдан бері беріліп келеді. Оның лауреаттары әр жылдары Алексей Иванов пен Захар Прилепин, Василий Белов пен Леонид Бородин, Анатолий Ким пен Людмила Сараскина болды.