«Ясная Поляна» сыйлығының үміткерлері анықталды
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - «Ясная Поляна» сыйлығының қазылары «XXI ғасыр» аталымы бойынша үш үміткердің есімдерін жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Олар - Василий Голованов («Арал» романы), Игорь Малышев («Үй» романы) және Роман Сенчин («Елтышевтер» кітабы). Жеңімпаздың есімі қазанда белгілі болады.
Головановтың романы сонау 1997 жылы «Дружба народов» журналында жарияланған болатын, 2002 жылы оның кітаби нұсқасы шықты. Малышевтің «Үйі» 2005 жылы «Топос» басылымында, ал Сенчиннің«Елтышевтер» шығармасы «Дружба народов» журналының 2009 жылғы наурыздағы нөмірінде жарық көрді.
«Ясная Поляна» сыйлығы 2003 жылдан бастап беріліп келеді. Людмила Сараскина, Захар Прилепин және Алексей Иванов оның лауреаттары атанды.