Ява аралында зілзала салдарынан 44 адам қаза тапты, тағы 110 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті
деп хабарлады бүгін Джакартада республиканың құтқару қызметінің өкілі.
Оның айтуынша, табиғат апаты 700-ге жуық ғимаратты қиратқан немесе қатты зақымдаған және мыңдаған адамды үйлерін тастап шығуға мәжбүрлеген.
Джакартадан 100 шақырым жердегі Чианджуо ауданындағы селолардың бірінде тағы 40 адам жерасты дүмпуінің салдарынан жақын маңдағы төбеден көшкен топырақтың астында тіредей көміліп қалған. Оқиға орнында тірі қалғандарды іздеумен айналысып жатқан құтқарушылар 10 адамның өлі денесін тапты.
Қуатты жерасты дүмпуі зілзала кіндігінен 500 шақырым қашықтықта орналасқан ел астанасы Джакартада және 700 шақырым жердегі туристік Балши аралында да сезілген.