Ыдыстарды сындырған мысық YouTube пайдаланушыларының сүйіспеншілігіне ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube сайтындағы үстелді қажетсіз заттардан тазартқан мысық туралы бейнероликті көруге құмартушылар арта түсуде. Журнал үстелінің үстінде отырған ол алдымен аяғымен пультті лақтырды, одан кейін қасында тұрған стақанға көңіл аударды.
Росбалттың хабарлауынша, үй иесі әйел бейнетүсірілімін жалғастыра отырып, мысықтың назарын өзіне аударуға тырысып, стақанды лақтыруға болмайтынын ескертті. Адамның сезімталдығына таңғалған мысық бірқатар уақыт өз әрекеті туралы ойланып отырды да, бастаған ісін салқынқандылықпен аяқтады.
Үйдің ішін тәртіпке келтіруге тырысқан мысық туралы бұл бейнекөріністі қазірдің өзінде 1 миллионнан астам пайдаланушылар көрді.