Йемен: Араб коалициясы күштері мен Хуситтер Рамазан аяқталғанға дейін соғысты тоқтатуға келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменде сенбіге қараған түнде Сауд Арабиясының басшылығымен араб коалициясы мен көтерілісші-хуситтер арасында алты күндік бітім басталды.

Йемен: Араб коалициясы күштері мен Хуситтер Рамазан аяқталғанға дейін соғысты тоқтатуға келісті

Бітім кезінде жердегі айқастар ғана емес, хуситтер тарапынан коалиция ұшақтары жасайтын авиасоққылар да тоқтатылуы тиіс, деп хабарлады ВВС.

Ұрысты тоқтатуға БҰҰ бастамашылық етті, осы уақытта олар елге мұқтаж жандарға гуманитарлық көмек жеткізуге ниетті.

Ұйымда қақтығыстың екі тарапы да соғыс әрекеттерін уақытша тоқтатуға әзір екенін атап өтті. Бітім қасиетті рамазан айы аяқталғанға дейін, яғни, 16 шілдеге дейін жалғасады деп күтілуде.

Йемендегі қарулы қақтығыс бір жылдан бері жалғасып келеді. Қақтығысқа бір жағынан көтерілісші хуситтер, екінші жағынан Сауд Арабиясының басшылығымен араб елі қолдаған, көтерілісшілер елден қуған президенттің әскері қатысуда.