Йемен астанасында болған жарылыстан 50 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемен астанасы - Санада полицей училищесі маңында болған жарылыста шамамен 50 адам қаза тауып, ондағаны жапа шекті, деп хабарлады Sky News Arabia арнасынан.

Йемен астанасында болған жарылыстан 50 адам қаза тапты

Осыған дейін Ассошиэйтед Пресс агенттігіне күш құрылымдарындағы ақпарат көзі хабарлағандай, бір адам жарылғыш орнатылған шағын автобусты өзімен бірге жарған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқу орны алдында ондаған талапкерлер жиылған кезде жарылыс болған.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жетті. Қазіргі уақытта бұл аудан қоршауға алынды.

Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.