Йемен әуежайында бомбасы бар көлік жарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменде жылдамдықты асырып жүрген автомобильге полицейлер оқ жаудырып, көлік жарылды.
Бұл Адена әуежайында орын алды, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Полицейлер көлікке оқ жаудырғаннан кейін ол тоқтамай, әуежайға кіретін жерде бақылау-өткізу бекетінде жарылды. Жарылыс салдарынан төрт полицей мерт болып, екеуі жарақаттанды.