Йемен Президентi елге оралады

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Йемен Президенті Әли Абдалла Салех отанына оралады, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметi, Йемен мемлекеттiк телевидениесінің хабарламасына сiлтеме жасап.
None
None

Президент Салех маусым айының бас кезінде өзінің резиденциясына шабуыл жасалғаннан кейін Сауд Арабиясында ем қабылдады, Мемлекет басшысы жарақат алып, денесін күйік шалған болатын.

Йеменде ақпан айынан бастап үкiметке қарсы жаппай шаралар тоқтамай тұр. Салехтің қарсыластары оның отставкаға кетуін, және елде түбегейлi реформа жасауды талап етуде.

Соңғы жаңалықтар