Йемен жағалауында мигранттар мінген кеме суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемен жағалауында кеме апатқа ұшырап, 62 адам қаза тапты. ВВС-дің БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға бірер күндер бұрын орын алған.
None
None

БҰҰ бұл оқиғаны аталған өңірдегі осы жыл ішінде орын алған адам шығыны көп ең ауқымды қайғылы оқиғаға балап отыр. Агенттік мәліметтеріне сәйкес кеме бортында Сомали мен Эфиопияның мигранттары болған. Айта кетерлігі, жыл сайын мыңдаған африкандық Таяу Шығысқа не болмаса Еуропаға жол тарту үшін кемелерге мініп, Йеменге дейін жететін. Алайда олардың көпшілігі жолда мерт болады.

Соңғы жаңалықтар