Йеменде 7 млн адамға ашаршылық қаупі төнді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш жылдан бері қарулы қақтығыс толастамай тұрған Йемен тұрғындарына ашаршылықтың қаупі төніп келеді. Бұл жайлы Oxfam халықаралық гуманитарлық бірлестігінің ресми сайты жазды.
None
None

Oxfam-ның мәлімдеуінше, Йемендегі қақтығыстар басталғалы бері 5300 адам қаза тауып, үш миллионнан астам адам босып кеткен, бір миллионға жуық адам тырысқақ ауруынан зардап шегіп отыр.

Йеменнің негізгі порттарының қоршауда қалуы азық-түлікті күрт қымбаттатып жіберді. Бұл елде жеті миллионнан астам адам ашаршылықтың алдында  тұр.

«Йеменнің тырысқақ індеті таралған қалалары мен елді мекендерінде ауыз су жоқ. Ауруханаларда дәрі-дәрмек таусылған, дифтерияға жалдығу жағдайлары жиілеп кетті», - делінген хабарламада.

Йеменде 2014 жылдан бері қарулы қақтығыс жалғасып келеді. 

Соңғы жаңалықтар