Йеменде бір тәулікте 13 адам жай түсіп, көз жұмды

АНКАРА. Анадолы- ҚазАқпарат - Йеменнің солтүстігіндегі Хаджи және Амран қалаларында найзағай салдарынан 13 адам қаза тауып, 21-і жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

«Ансаруллах» (хуситтер) қозғалысының бақылауындағы SABA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хадж қаласының әртүрлі аудандарында найзағай салдарынан 7 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған. September Net сайтында Амран қаласында аза тұту кезінде найзағай салдарынан алты әйел қайтыс болғаны, тағы 13 адам жарақат алғаны хабарланды. 12 тамызда БҰҰ Йеменде нөсер жаңбыр, сел мен су тасқыны салдарынан 77 адамның қайтыс болғанын хабарлады.



Фото: aa.com.tr/ru




Соңғы жаңалықтар