Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Йеменде болған терактінің салдарынан 20 әскери азамат қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменнің Аден қаласында болған жарылыстан кемінде 20 әскери адам мерт болған. Бұл туралы Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап, Риа Новости хабарлады.

Йеменде болған терактінің салдарынан 20 әскери азамат қайтыс болды

Агенттіктің мәліметтері бойынша, жарылысты жанкешті-содыр жүзеге асырған. Әзірге қайғылы оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жария етілмей отыр. Бір апта бұрын Аден қаласының маңындағы әскери лагерьде ұйымдастырылған терактінің салдарынан 50-ге жуық адам қаза тапқан болатын.