Йеменде екі иран жансызы өлім жазасына кесілді

САНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат – Йеменде Иранның пайдасына жансыздық жасағандары үшін екі адам өлім жазасына кесілді.

Йеменде екі  иран  жансызы өлім жазасына кесілді
Сот өкілдері атап көрсеткендей, Әбдел Кәрім Әли және Хани Әли деген азаматтар 1997 жыл мен 2008 жылдың аралығында Тегранға Йемен армиясы мен елдің Президенті туралы мәліметтер беріп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ассошиейтед Пресс» агенттігіне сілтеме жасап. Бұл іс бойынша үшінші күдікті ақталып отыр, оның аты-жөні жария етілген жоқ.