Йеменде ең көне Құран нұсқасы мен имам Әлидің қылышы табылды

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Йемендік бір жас жігіт өзі туып-өскен қаладан имам Әли ибн Әбу Тәліпке тиесілі қылыш пен ең көне Құран тауып алды.
None
None

Ол бұл жәдігерлерді 12 миллион йемен риалына (60 мың долларға) да сатпай отыр. Бұл туралы Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты болып табылатын muslim.kz жазады.

«Жәдігерлер Адалия қаласының оңтүстігіндегі жетуі қиын шатқалдардағы үңгірлердің бірінен табылған. Құранның алғашқы бетінде «Хижра жыл санауы бойынша 200-ші жылы Аллаһтың жәрдеміне мұқтаж құлдың қолымен жазылған» деген жазу бар. Кітап балауыз жағылып, терімен оралған. Киелі жазбаның мәтінінде хәракәттардың болмауынан оның қазіргі көне Құрандардың ішіндегі ең көнесі екені дәлелденіп отыр. Мұны ғалымдар да растауда. Құранның қасынан табылған қылыштың жезден жасалған сабында арабша «Зүлпықар» деп жазылған. Бұл - Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.у.) Әли ибн Әбу Тәліпке сыйлаған қылышы», - деп жазады muslim.kz сайты.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум