Йеменде Иран дипломатының өміріне қастандық жасалды
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Йемен елінің астанасы Сана қаласында Иран елшілігінің қаржы дипломатиялық қызметкеріне қастандық жасалды,
деп хабарлайды РБК «Әл-Жазира» хабарламасына сілтеме жасап.
Дипломатты өз үйінің жанында атып кеткен.
Ирандағы ақпарат агенттіктері дипломатқа қастандық жасалғанын растай отырып, оның қатты жараланғанын мәлім етті.