20:44, 24 Наурыз 2014 | GMT +5
Йеменде қадағалау бекетіне шабуылдан 20 сарбаз мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменнің оңтүстік-шығысында қадағалау-өткізу бекетіне шабуылдың салдарынан 20 сарбаз ажал құшты.
Биліктің хабарлауынша, таңертеңгілікте олардың бекетіне қаруланған бір топ адам шабуылдаған кезде сарбаздардың басым бөлігі ұйқыда болған көрінеді.
ВВС-дің жазуынша, әзірге осы оқиға бойынша ешкім жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Әскерилердің пайымынша, бұл шабуылға Йемендегі «әл-Каида» бөлімшесі қатысты болуы ықтимал.
Осы қантөгіс орын алған Хадрамут провинциясы Арабия түбегіндегі «әл-Каиданың» бекінісі болып табылады.