Йеменде қақтығыс қайта басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменнің оңтүстігінде Үкімет жақтастары Далеа қаласынан хуситтерді ығыстыра алды, алайда Таиз қаласында көшедегі қақтығыс жалғасып жатыр, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Йеменде қақтығыс қайта басталды

Екі тараптан да қаза тапқандар, жарақаттанғандар туралы ақпарат таратылмады. Сауд Арабиясы бастаған халықаралық коалиция Сана қаласы мен Йеменнің өзге қалаларында да содырларға әуеден соққы жасап жатыр. Әзірге расталмаған ақпаратқа қарағанда, жағдайдың ушығуына байланысты осы аптаның соңында болады деп күтілген бейбіт келісімдер кейінге шегеріледі.

Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды
Ұқсас жаңалықтар

Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды