Йеменде қорғаныс министріне қастандық жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменнің оңтүстігінде елдің Қорғаныс министрі генерал Мұхаммед Насер Ахмед Әлидің көлігіне оқ жаудырды.
Шетелдік ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, министрге қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің автокөліктерінің қорғауымен жүріп келе жатқанда содырлар шабуыл жасаған.
Олар қарауыл жасағын атқылаған. Абырой болғанда, министр де және оның күзетшілері де жарақаттанбаған.