Йеменде мерзімінен бұрын сайлау өтеді
АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Йемен президенті Әли Абдолла Салех өзінің мыңдаған жақтастарына үндеу тастай отырып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуге ниетті екендігін мәлімдеді,
деп хабарлайды Би-Би-Си.
Оның айтуынша, үкіметке қарсы наразылықтарды тоқтату үшін ол осындай қадамға баруға дайын.
Еске сала кетсек, 2011 жылдың қаңтарынан бері елде жаппай наразылық акциясын өткізу кезіндегі қақтығыстардан 140 адам қаза тапты.