Йеменде министрліктің жанында жарылыс болды, бірнеше адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменнің қауіпсіздік қызметтерінің хабарлауынша, жарылғыш құрылғы орнатылған көліктің жарылуы салдарынан барлау қызметінің полковнигі мен оның оққағары опат болып, сондай-ақ көшеде кетіп бара жатқан екі адам зардап шекті.
Жолаушы орындығының астына қойылған бомба автокөлік ел астанасы Сана қаласындағы Мұнай өнеркәсібі министрлігі ғимараты жанынан өтіп бара жатқан кезде іске қосылған. Бұл оқиға йемендік әскерилерге қастандық жасау әрекеттері топтамасының соңғысы болды. Бұл елдің оңтүстігінде «әл-Каида» содырлары өз іс-қимылдарын жалғастыруда.