Йеменде Президент кеңесшісіне қастандық жасалды
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Йеменде ел Президентінің кеңесшісіне қастандық жасау әрекеті болды.
Осы елдегі мемлекеттік БАҚ-тың ақпараты бойынша Санада белгісіз біреулер Яссин Саид Номанның көлігіне оқ жаудырған. Бұл қастандық әрекетінен кеңесшіге зақым келмеген. Белгілі болғандай, оған қарсы осындай іс-қимылдар осының алдында да тіркелген.
Номан Йеменнің негізгі саяси тұлғаларының бірі ретінде танымал.