Йеменде садақа тарату кезінде кем дегенде 90 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хуситтердің «Аңсар Аллаһ» көтерілісшілер қозғалысы бақылауындағы Сана қаласында садақа тарату кезіндегі аласапыранның салдарынан кем дегенде 90 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Йеменде садақа тарату кезінде кем дегенде 90 адам қаза тапты

Оқиға бейсенбі күні түнде қаланың орталық бөлігінде орналасқан Баб-эль-Яман ауданында болған.

Телеарна мәліметінше, сығылысу «бірнеше көпестің» садақа таратуы кезінде болған, қазіргі кезде олардың екеуі қамауға алынған.

«Аңсар Аллах» Жоғары саяси кеңесінің басшысы Махди әл-Машат ведомствоның Twitter-дегі парақшасында хабарланғандай, оқиғаны тексеру үшін ішкі істер органдары мен прокуратура өкілдерінен комиссия құруды тапсырды.