Йеменде үйлену тойының 28 қонағы Сауд Арабиясы әуе соққыларының құрбандары болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Йеменге кезекті әуе соққыларын жасады. Сол уақытта неке қию рәсімі өткізілген аумақ та әуе соққысына ұшыраған.
Шабуыл салдарынан мерекенің 28 қонағы қаза тауып, ондаған адам жарақаттанды. Бұл туралы AFP Йемен билігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлап отыр.