Йеменде жарылыс салдарынан шетелдік туристер қаза тапты

САНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Йеменнің оңтүстік-шығысында жасалған лаңкестік әрекеттің салдарынан 4 турист опат болды.
None
None
Алдын-ала мәліметтер бойынша, олар Оңтүстік Кореядан келген саяхатшылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Жарылыс туристердің арасында жақсы танымал Шибам қаласында болған, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. Бұл елде соңғы лаңкестік әрекет 2008 жылдың қыркүйек айында жасалған болатын, сол жолы Санадағы АҚШ елшілігі жанында болған екі жарылыстың салдарынан 16 адам қаза тапқан.
Соңғы жаңалықтар