Йемендегі хуситтер мен үкімет күштері арасындағы қақтығыста 80-нен астам адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM - Йемендегі қарулы қақтығыстың қайта өршуі cалдарынан адамдар өліп, халық тағы жаппай қоныс аудара бастады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Таяу Шығыстағы меншікті тілшісі.
Бейсенбіден бері Таиз провинциясы мен Қызыл теңіздің жағалауындағы аудандарда хуситтер мен Йеменнің халықаралық деңгейде мойындалған үкімет күштері арасындағы қақтығыстарда кемінде 81 адаммерт болды.
Бұл туралы AFP әскери және медициналық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Олардың мәліметінше, үкімет күштерінен 39 адам қаза болған. Хуситтер бақылауындағы аудандардағы медициналық дереккөздер «Ансар Аллах» қозғалысының 42 мүшесі мерт болғанын хабарлады.
🔴 The Iran-backed Houthi militia launched missiles toward Yemen’s west coast on Thursday as fighting continues on two fronts in the southwestern province of Taiz, an Al Arabiya correspondent reports
— Al Arabiya English (@AlArabiya_Eng) September 3, 2026
🔴 Clashes are ongoing on the al-Kadha and Maqbana fronts, with the Houthis… pic.twitter.com/w5YeLTFrMc
Бейсенбі күні хуситтер Таиз провинциясының батыс бағыттарында зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданып, шабуыл бастады. Кейін жерүсті шабуылдарына көшті. 2022 жылдан бергі ең қиян-кескі шайқастар Макбана, Маузеа және Джабаль-Хабаши аудандарында болды.
Хуситтердің күштері бірнеше учаскеде алға жылжығаны хабарланды. Үкімет күштері кейін жоғалтқан аумақтарының бір бөлігін қайтарып алғанын және үш ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді. Екі тарап та ұрыс аймағына қосымша бөлімшелер мен әскери техниканы жіберіп жатыр.
Үкімет күштерінің мәліметінше, шабуылдың негізгі мақсаттарының бірі Таизді Қызыл теңіз жағалауындағы Әл-Моха портымен байланыстыратын жол болған. Бұл бағыт азық-түлік пен басқа да жүктерді тасымалдауға, сондай-ақ үкімет бақылауындағы күштерді қамтамасыз етуге пайдаланылады.
BREAKING: Ansarallah (the Houthis) have initiated a large scale offensive into the Al-Khokha and Al-Mokha directions, controlled by Saudi-backed PLC fighters in western Yemen pic.twitter.com/cv7XTfwz76
— Open Source Intel (@Osint613) September 3, 2026
Әл-Моха ауданында Йеменнің бұрынғы президенті Али Абдалла Салехтің жиені Тарик Салех басқаратын «Ұлттық қарсылық» күштері орналасқан. Жолдан айырылу үкімет күштерінің жағдайын қиындатып, хуситтердің Қызыл теңіз жағалауындағы ықпалын кеңейтуіне мүмкіндік беруі мүмкін.
Хуситтердің өкілі Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында әскери іс-қимылдардың, ең алдымен теңіздегі Йеменді «қоршаудан шығуға» бағытталғанын мәлімдеді. Қозғалыс бұдан басқа мәлімет айтпады.
Yemen announced new military exercises in the Red Sea.
— Press TV 🔻 (@PressTV) September 3, 2026
Mohammed Ali al-Houthi, a senior member of Yemen's Supreme Political Council, stated:
🔹 We are launching new exercises in the Red Sea to prepare for the next confrontation with the Zionist-American enemy. pic.twitter.com/X5eBQ341Dw
Йемен Президенттік басқару кеңесінің басшысы Рашад әл-Алими хуситтер бақылауындағы аудандардағы тайпаларды өз ұлдарын «Иран режимінің жоспарына бола өлімге жібермеуге» шақырды.
— Йемендіктер «Йеменге қызмет етпейтін жобаның отынына» айналмауы керек, — деді әл-Алими.
Қақтығыстар халықтың тағы да жаппай қоныс аударуына себеп болды. Майдан шебіне жақын орналасқан лагерьлер мен елді мекендерден жүздеген отбасы көшіп кетті. Кейбір тұрғындар үйлерін екінші рет тастап кетуге мәжбүр болды.
🇾🇪 Heavy fighting erupts in western Taiz as Ansarallah launches major offensive
— METRONIDAZOLE (@METRO_NIDAZOLE) September 4, 2026
Saudi-backed mercenaries and their families evacuating areas of western Taiz amid heavy fighting following an offensive by Ansarallah.
Yemeni forces advanced and seized several positions #yemen pic.twitter.com/0X73qYz08x
Тамыз айының басынан бері хуситтер Мариб, Таиз, Ходейда және Ад-Дали провинцияларында зымыран, ұшқышсыз ұшу аппараттары және жерүсті күштері арқылы шабуылдарын күшейтті.
Al Jazeera атап өткендей, қақтығыстың одан әрі өршуі Йеменнің негізгі майдандарында бірнеше жылға созылған салыстырмалы тыныштықтан кейін Сауд Арабиясының қақтығысқа қайта араласуына әкелуі мүмкін.
Айта кетейік, тамыз айында Йемен қарулы күштері бір тәулікте хуситтерге қарсы 133 операция жүргізді.