Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Йемендегі әуе күштерінің соққысынан мерт болғандар 213 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменнің астанасы Санада қаралы процессия кезінде әуе күштерінің соққысынан құрбан болғандар саны 213 адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ria.ru агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды .

Йемендегі әуе күштерінің соққысынан мерт болғандар 213 адамға жетті

Осыған дейін мерт болған 104 адам мен 534 жарақат алғандар туралы хабарланған болатын. Көтерілісші-хуситтер әуеден әскери соққы берді деп айыптаған коалиция күштері бұл шабуылға қатыспағандарын мәлімдеп отыр.

Йемен астанасы Сана осы уақытта көтерілісші-хуситтердің бақылауында. Олардың позицияларына Сауд Арабиясы бастаған араб коалциясының күштері шабуылдауда. Коалиция бұл жерде ел билігін жақтап отыр.

Йеменде 2014 жылдан бері әскери қақтығыс жүріп жатыр.