Йемендегі тәртіпсіздіктер: қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Йеменде үкіметті жақтаушылары мен оппозиция өкілдері арасындағы қақтығыстың салдарынан кем дегенде 2 адам қаза болды.

Йемендегі тәртіпсіздіктер: қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар

Бұл туралы РБК ВВС-ге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Куәгерлер хабарлағандай, 10 адам жарақат алған. Ел президенті Али Абдулла Салехтың жақтаушылары жұртқа оқ атқан.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қаза болған - екі студент болып табылады.

Еске салсақ, Йеменде ел президенті Али Абдулла Салехтың отставкасын талап еткен наразылық шаралары жүріп жатыр. Тәртіпсіздіктер Парсы шығанағы елінде Тунис мен Мысырда болған мемлекеттік төңкерістен кейін басталған болатын.

Полиция мен әскери күштер шеруді тоқтатуға күш жұмсауда.