Йемендегі жарылысқа «Әл-Каида» жауапты

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Йемен астанасы Санадағы қорғаныс министрлігіне шабуыл үшін жауапкершілікті «Әл-Каида» өз мойнына алды.

Йемендегі жарылысқа «Әл-Каида» жауапты

Айта кетейік, бейсенбідегі өзін өлімге тіккен лаңкес жарылғыш затымен министрлік дуалының алдына кіріп келген. Жарылыс жасалғаннан кейін артынша қаруланған содырлар келіп, атыс басталған. Шабуыл кезінде 50-ден астамның өмірі қиылды.

ВВС-дің жазуынша, опат болғандардың ішінде екі шетелдік медицина қызметкері мен Йемен президентінің жақын туысқаны бар көрінеді.

Аталған елде бірнеше шенеунікке мотоцикл мінген содырлар шабуыл жасағаннан кейін енгізілген қауіпсіздіктің қатаң шараларына қарамастан «Әл-Каида» осы акцияны ұйымдастырып отыр.