Йемендік хуситтер Қызыл теңіздегі кеме қатынасына шабуылды қайта бастамақ
АСТАНА. KAZINFORM – Таяу Шығыстағы Иран төңірегіндегі шиеленіс күшейген жағдайда жақын арада шабуылдар жасалуы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Иран қолдайтын Йемендегі «Ансар Аллах» қозғалысы, яғни йемендік хуситтер, Израильге және Қызыл теңіздегі кеме қатынасы бағыттарына зымырандар мен ұшқышсыз аппараттар арқылы шабуылдарды қайта бастамақ. Бұл туралы Associated Press агенттігі қозғалыстың екі жоғары лауазымды өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.
Хабарға қарағанда, шешім Иранға қолдау көрсету мақсатында қабылданған. Бір өкіл алғашқы соққы бірнеше сағат ішінде жасалуы мүмкін екенін атап өткен. Алайда жарияланған сәтке дейін қозғалыс жетекшілігінен ресми мәлімдеме болмаған.
Бұған дейін хуситтер Дональд Трамп әкімшілігімен жасалған келісім аясында Қызыл теңіздегі кеме қатынасына шабуылдарын уақытша тоқтатқан болатын. Бұл келісім американдық соққылардың қозғалыс позицияларына тоқтатылуын қарастырған.
Сонымен қатар, 2025 жылғы қазан айындағы атысты тоқтату келісімі нәтижесінде Израиль аумағына жасалған шабуылдар да тоқтатылып, Газа секторындағы қақтығыстар қарқыны төмендеген еді.
Еске салсақ, сенбі күні таңертең Израиль Иранға соққы жасап, Иран сол жауап ретінде солтүстігі мен орталық Израильге зымырандар атқан.