Йеменнен қауіпсіз жерге шығарылған Қазақстан азаматтары Мәскеуге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменнен Ресей және өзге де азаматтарды қауіпсіз жерге алып шыққан ұшақ Мәскеу маңындағы Чкаловский әуежайына келіп қонды. Бұл - осымен бесінші ұшақ, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Йеменнен қауіпсіз жерге шығарылған Қазақстан азаматтары Мәскеуге келді

Ил-62 ұшағымен Мәскеуге келген 150 адамның ішінде Ресей, Өзбекстан, Тәжікістан, Украина, Беларусь, Армения, Франция, Йемен, Қазақстан, Қырғызстан және Ирак азаматтары бар.

РФ Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған ұшақтармен 600-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.