Йеменнен Сауд Арабиясын зымыранмен атты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемен жақтан Сауд Арабиясына баллистикалық зымыран  ұшырылды. 

Йеменнен Сауд Арабиясын зымыранмен  атты

Бұл туралы Press TV телеарнасы хабарлады.

Нақтыланғандай, зымыран елдің оңтүстік-батысында орналасқан Джизан округінен жіберілген.

Әзірге қаза тапқандар мен қиратулар жөнінде ақпарат түспеді. Сауд Арабиясының билігі бұл оқиға жөнінде мәлімдеме жасаған жоқ.