07:52, 28 Маусым 2016 | GMT +5
Йеменнің оңтүстігінде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 40-тан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменнің оңтүстігіндегі Әл-Мукалла қаласында болған жарылыста көз жұмғандар саны 42 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Осыған дейін БАҚ 38 адам қаза тауып, 24 адам түрлі жарқаттар алды деп хабарлаған болатын. Жарылысты лаңкестер жасаған, олар әскери нысандарды жармақ болған.
Белгілі болғандай, жарылыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.