Йеменнің тақтан тайдырылған президенті ұлттық диалог алаңын құруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тақтан тайдырылған Йемен президенті Абд Раббу Мансур Хади ел астанасын жаулап алған хуситтердің әскери әрекеттері заңға қайшы деген мәлімдеме жасады, деп хабарлады ВВС.

Йеменнің тақтан тайдырылған президенті ұлттық диалог алаңын құруды ұсынды

Үй қамақтан қашып шыққан соң елдің оңтүстігіндегі Аден қаласына жеткен Хади халықаралық қауымдастықтан саяси ахуалға қатысты көмек сұрады. Ол хусит содырлары басып ала қоймаған Аден мен Таиз қалаларында жаңа саяси диалог алаңын орнатуға шақырды. Хади президенттіктен кету туралы өтініш бергенімен, қағаз жүзінде әлі мемлекет басшысы. Өйткені, Йемен парламенті оның отставкасына қатысты әлі шешім қабылдаған жоқ.