09:19, 26 Ақпан 2012 | GMT +5
Йеменнің жаңа президенті қызметіне кірісті
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Бұған дейін вице-премьер болған Йемен елінің жаңа президенті Абед Рабо Мансур Хади ант қабылдады.

Ал президент Али Абдалла Салех елді 33 жыл басқарған еді.
Сайлауға дауыс берушілердің 60 пайызы қатысты. Басқарушы партия мен оппозиция арасында қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес Йеменді алдағы екі жыл, яғни жаңа конституция әзірленгенге дейін өткелі кезеңде басқаратын Хадиге дауыс беру - учаскелерге келгендердің жалғыз мүмкіндігі болды.
Өткен жылдың қаңтарында басталған бұқаралық наразылық шаралары Салехты қызметінен кетірді. Бірақ осының орнына Салех өмірлік қылмыстық қудаланушылықтан босатылды. Жақында АҚШ-тан келген ол өзінің орнын басушының ұлықтау рәсіміне қатысты.