Йенс Столтенберг НАТО бас хатшысының өкілеттігін Марк Рюттеге ресми түрде тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін НАТО-ның Бельгиядағы штаб-пәтерінде бұрынғы бас хатшы Йенс Столтенбергтен Марк Рюттеге өкілеттіктерді тапсырудың ресми рәсімі өтті.

НАТО бас хатшысының өкілеттігін Марк Рюттеге ресми түрде тапсырды
Фото: NIDS/NATO Multimedia Library

Дүйсенбіде НАТО-ның Әскери комитеті бас хатшы қызметіндегі өкілеттілігі аяқталып қалған Й.Столтенбергпен ресми түрде қоштасты. Оның орнына қызметке Нидерландтың бұрынғы премьер-министрі Марк Рютте келеді. 

Ұйымның мәлімдемесінде атап өтілгендей, НАТО тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен екінші Бас хатшы Йенс Столтенберг Альянс тарихындағы ең аласапыран жылдарға куә болды.

«НАТО қазір бұрынғыдан да үлкен, күшті және кез келген сынаққа төтеп беруге дайын. Мен үшін бас хатшы қызметін атқару және Әскери комитетпен, НАТО-ның штаб бастықтарымен және әскери өкілдермен тығыз жұмыс істеу нағыз мәртебе болды. Отставкаға шығу қаншалықты мұңды болса да, НАТО-ның тұрақтылығы мен күші жеке адамдарға емес, ұжымға байланысты», - деді Йенс Столтенберг. 

Столтенберг НАТО бас хатшысы қызметінен кеткеннен кейін не болатыны бұған дейін хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар