Ынталандырушы қадам арқылы мемлекеттік қызметкерлер өздерін әрдайым жетілдіруге тырысады - Г. Қарақұсова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ынталандырушы қадам болған жағдайда мемлекеттік қызметкерлер өздерін әрдайым жетілдіруге тырысады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарақұсова мәлім етті.
None
None

«Президент мақаласында нәтижелі қызмет үшін мемлекеттік қызметкерлерге бонус беру тақырыбына тоқталды. Менің ойымша, бұл жақсы шешім және осы қадам міндетті түрде оң нәтиже береді. Себебі, адами және экономикалық тұрғыда дұрыс шешім. Жақсы жұмыс біліктілігімен көзге көрінген адамға бұл қолдау болады. Мемлекет қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде бірінші кезекте қызметіне сай келетін адамды қабылдау керек екені белгілі. Сондықтан да жұмыста жақсы нәтиже көрсеткен адамды ынталандыру керектігіне ешкім де қарсы сөз айта алмайтыны анық»,-деді ол.

Осы орайда депутат ынталандырушы қадам болған жағдайда қызметкерлер өздерін әрдайым жетілдіруге тырысатынын атап өтті.

«Мемлекеттік қызметкер халыққа қызмет етеді. Сондықтан қызметкерлер өздерінің жұмысында жақсы әрі жоғары нәтижелер көрсетуге міндетті»,-деп түйді Гүлжан Қарақұсова.

Айта кетейік, Ақорда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын жариялады.

«Мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері бойынша мүмкін болады. Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қызметшінің мансаптық ілгерілеуінің басты шарты болады және мұнда да тек конкурстық негізде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік қызметшілер ротацияларының мүмкіндігі көлбеуінен және тігінен оларды қызметтік баспанамен қамтамасыз ете отырып қарастырылған. Екіншіден, мемлекеттік қызметке ашық конкурс арқылы және Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша келісімшарттық негізде мемлекеттік емес сектордағы басқарушылар қатарынан азаматтар және шетелдік менеджерлер тартыла алады. Үшіншіден, мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі оның біліктілігі мен атқаратын жұмысының сипатына, көлемі мен нәтижесіне байланысты заң тұрғысынан бекітіледі. Аса нәтижелі қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылған. Мұндай жүйені 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр. Бұл жерде 2016 жылы бүгінде «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жоғарылайтынын айта кету керек»,-деп атап өтілген ҚР Президентінің мақаласында.

Соңғы жаңалықтар