YouTube әлеуметтік желісі балалар үшін қауіпсіз болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 ақпан күні Google компаниясы балаларға арналған YouTube әлеуметтік желісінің жаңа мобильдік қосымшасын іске қоспақ. Бұл туралы РБК хабарлады.

YouTube әлеуметтік желісі балалар үшін қауіпсіз болмақ

«YouTube Kids» тегін бағдарламасы ата-аналарына балалар жүктейтін бейнеконтентті бақылауға жол ашады. Ол YouTube негізгі сервисінен тыс жұмыс істейтін болады.

Бастапқыда бағдарлама АҚШ-та ғана қолжетімді болады. Ата-анасының бақылау панелі балалар видеоны көруге кетіретін уақытын шектеуге, іздеу функциясын сөндіруге мүмкіндік береді. Қосымшаның төрт санатқа біріктірілген арналары мен тізімдері бар. Пайдаланушылар өз тақырыптары бойынша материалдар іздей алады.