YouTube бейнехостингінде шығып тұратын ұсыныс хабарламалардан бас тарта аласыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – YouTube пайдаланушыларға тіркеулік жазба опцияларында қаралым тарихын сақтауды өшіру арқылы сервистегі ұсыныстардан бас тарту мүмкіндігін беретінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «АЗЕРТАДЖ» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

YouTube бейнехостингінде шығып тұратын ұсыныс хабарламалардан бас тарта аласыз

«YouTube-те қаралым тарихын қосу артықшылықтарының бірі – сізді қызықтыруы мүмкін бейне ұсыныстарды алуға мүмкіндік. Дегенмен, кейбір пайдаланушылар қарау тарихын тазалап отыратынын және өшіруді таңдайтынын білеміз. Сіздің қаралым тарихыңыздың параметрлеріне байланысты YouTube ұсыныстарын көру тәсілін өзгертеміз», - делінген бейнехостинг хабарламасында.

Өзгеріс келесі бірнеше ай ішінде енгізіледі.