YouTube пайдаланушыларының саны миллиардтан асты

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - YouTube бейнехостинг сайтына кіретін пайдаланушылардың саны миллиардтан асты.
None
None

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

YouTube өкілдерінің айтуынша, ұялы құрылғыларды кеңінен тарату кірудің өсу ресурсында маңызды орын алды.

YouTube бейнехостингі 2005 жылы шығарылған, ал 2006 жылы компанияны Google 1,65 миллиард долларға сатып алды. Алғашқыда ресурс пайдаланушылық контентті орналастыруға арналған болатын, алайда қазіргі уақытта сервис кәсіптік бейнекөріністерге, оның ішінде фильмдер мен телешоуларға қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар