Йозеф Блаттер: Америкалықтар ФИФА басшылығын тартып алмақшы

ФИФА президенттігіне Обаманы сайлау туралы
- Швейцарияда карнавал енді аяқталды, сондықтан Обама ФИФА-ны басқарады деп айту әзірге ертерек.
Америкалықтар ФИФА билігін алмақшы
- Америкалықтар ФИФА-ны басқару билігін өздеріне алмақшы. Ұйымды мафиямен салыстырған баспасөз конференциясы да сол үшін өткізілді. Олар ФИФА-ны бұзуды көздеді.
Ұлттық федерациялар сұрағандай, жаңа сайлауда кімге дауыс беру қажет
- Менімен төрт немесе бес үміткер сөйлесті, олардың кім екенін айта алмаймын. Бұл мүмкін емес. Кей федерациялар маған қоңырау шалып, алдағы сайлауда олар кімге дауыс берулері қажеттігін сұрады. Мен өз қалауларың бойынша таңдау жасаңдар дедім.
Платинидің кінәсіздігі туралы
- Мен сияқты Платинидің де еш кінәсі жоқ. Онда ештеңе болған жоқ, бұл этика комитетінің ісі емес. Бізде шарт болды, біз соның шарттарын орындауымыз қажет. Менің философиям осындай.
Бізде осы қаражатты төлеу туралы ауызша уағдаластық болды. Мұндай қатынас Швейцария заңнамасы мен ФИФА кодексіне толықтай сәйкес келеді. Келісімшарт ауызша жасалуы мүмкін.
Ол бай ма деген сұраққа
- Мен жалақым осындай болсын деп еш уақытта айтқан емеспін. ФИФА қанша белгілесе, соны қанағат тұттым. Өз еңбегіммен таппаған ақшаға қолымды сұққан емеспін. Бай емеспін, алайда жеткілікті деңгейде өмір сүріп жатырмын. Кантонда өз үйім және қала сыртында бір үйім бар, бары осы.
Саяси араласу жайында
- ӘЧ-2018 және ӘЧ-2020 өткізген кезде біз экономикалық әріптестерге жәрдемдескіміз келді. Алайда бұл ретте 2018 жылы әлем чемпионаты Еуропада өтеді деген жария етілмеген уағдаластық болды, Ресей де жақсы үміткер қатарында еді. Ал 2022 жылы ӘЧ Солтүстік Америкада өтуі тиіс болатын, онда АҚШ жалғыз үміткер.
Алайда француз саясаткерлерінің араласуы жағдайды өзгертіп жіберді. Егер 2022 жылы ӘЧ өткізу үшін АҚШ-ты таңдасақ, онда бізде ешқандай проблема болмас еді.