01:51, 03 Маусым 2015 | GMT +5
Йозеф Блаттер ФИФА президенті қызметінен кететіндігін мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Йозеф Блаттер өзінің Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президенті қызметінен кететінін мәлімдеді.

Блаттер атқару комитетіне өзінің орнына басқа адам сайлау үшін ұйымның кезектен тыс конгресін шақыруды ұсынды. Оған дейін өзі президенттің міндетін атқарушы болып қала береді, деп жазады ВВС.
Өткен аптада Блаттер ФИФА президентігіне қайта сайланған болатын. Оның жалғыз бәсекелесі Әли бин Әл-Хусейн сайлаудың екінші турында күресті жалғастырудан бас тартқан еді.
ФИФА басшысын сайлау ірі сыбайлас жемқорлық жанжалының себебінен болған. Швейцариялық тәртіп сақшылары ФИФА-ның 7 жоғары лаузымды шенеуніктерін сыбайлас жемқорлықпен айналысты деп айыптап, тұтқындаған болатын.