08:21, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
Йозеф Блаттер Ресей премьер-министрі Владимир Путинге футболдан әлем чемпионатының кубогын табыс етті
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - ФИФА Атқарушы комитетінің төрағасы Йозеф Блаттер Ресей премьер-министрі Владимир Путинге футболдан әлем чемпионатының кубогын табыс етті, деп хабарлады РФ Үкіметінің баспасөз қызметінен.

Путин мен Блаттердің кездесуі өткен демалыс күндері Ленинград облысында өтті. Блаттердің айтуынша, «барлық футбол қауымдастығы 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығын Ресейге берген біздің тарихи таңдауымызды қолдап отыр», деді.
Санкт-Петерборда кеше сондай-ақ, Ресейге 2018 жылғы футбол чемпионатын ұйымдастырушы елдің мәртебесін беру туралы декларацияға қол қойылды. Бұл рәсімге Йозеф Блаттер, Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко, Ресейдің футбол одағының президенті Сергей Фурсенко және «Ресей-2018» Өтініш беру комитетінің бас директоры Алексей Сорокин қатысты.