Ыстамбұл әуежайында Әзірбайжан ұшағы ұшу жолынан шығып кетті

ЫСТАМБҰЛ.Тамыздың 12-сі.ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Бүгін Ыстамбұлдың «Ататүрк» әуежайында J2075 рейсі бойынша Ыстамбұл-Баку бағытына бет алған ұшақ ұшу алаңынан шығып кетті.

Ыстамбұл әуежайында Әзірбайжан ұшағы ұшу жолынан шығып кетті

Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның себептері анықталуда, деді Әзірбайжан Әуе компаниясының өкілі тілшілерге.

Бұл оқиға нәтижесінде Аэробус- 319 ұшақ бортында болған 120 жолаушы және экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.