Ыстамбұл әуежайындағы жарылысты лаңкестер жасағаны анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 23 желтоқсанында Ыстамбұл қаласының Сабиха Гекчен әуежайындағы жарылыс - лаңкестік әрекет, деп жазады Trend агенттігі түріктің «Milliyet» газетіне сілтеме жасай отырып.
2015 жылы 23 желтоқсан күні жергілікті уақытпен сағат 02:15-те әуежайға минометтерден оқ атылған. Атыс салдарынан әуежайдың бір қызметкері мерт болып, екі адам жарақаттанды.
Бұған дейін әуежайдағы жарылысты «Күрдістанды азат ету» тобы ұйымдастырғаны хабарланған болатын.