Ыстамбұл әуежайының қызметкері жолаушы ұмытып кеткен 24,5 мың еуроны қайтарып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдық Ататүрік атындағы халықаралық әуежайдың жинап тазалаушысы Эмрах Эвренсель әкімшілікке VIP-зонадан тапқан 24,5 мың еуроны тапсырды.

Ыстамбұл әуежайының қызметкері жолаушы ұмытып кеткен 24,5 мың еуроны қайтарып берді

«Ақшаны өзіме қалдыра алатын едім... Бұл туралы ойландым, алайда дұрыс жолды таңдадым», - деді Эвренсель.

Әуежай әкімшілігіне сөмкені ұмытып кеткені жөнінде келген адам оның өзіне тиесілі екенін дәлелдеген соң ақшаны алды.

Ыстамбұл әуежайына кіретін TAV холдингінің бас менеджері Кемаль Унлю Эвренсельге сыйлық пен құрмет грамотасын ұсынды. Жинап тазалаушының жалақысы айына 1000 түрік лирін (шамамен 350 доллар) құрайды, деп жазды РИА Новости .