Ыстамбұл мэриясы: Жарылыстан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдағы жарылыстан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов мәлім етті.
«Ыстамбұл мэриясының алдын ала мәліметтеріне сәйкес жарылыстан қаза тапқан немесе жарақаттанған Қазақстан азаматтары жоқ», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ыстамбұлда Сұлтанахмет орталық алаңында болған жарылыс салдарынан 10 адам қаза тапты, 15 адам жарақаттанды.