Ыстамбұл Олимпиада ойындарын өзінде қабылдауға барын салуда

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Түркия билігі Ыстамбұл шаһарын 2020 жылы Бүкіләлемдік Олимпиада ойындарын өткізетін орынға айналдыруды көздеп отыр, деп хабарлайды muslim.kz.

Ыстамбұл Олимпиада ойындарын өзінде қабылдауға барын салуда

Түріктер осы мақсатта 19,2 млрд. доллар бөлуге дайын екенін жеткізді. Түркия дүниежүзілік дүбірлі доданы өз елінде өткізу үшін осымен бесінші мәрте өтініш беріп отыр.

Ыстамбұл шаһарынан өзге Олимпиада ойындарын өткізуге Испания астанасы Мадрид және Жапония елордасы Токио мегаполистері таласып отыр. Олимпиада ойындары өткізілетін орын Буэнос-Айрес қаласында құпия дауыс беру арқылы 2013 жылдың қыркүйек айының 7-сі күні белгілі болады.